Студенттік үйірмелер


«Құрылымды геология» үйірмесі  — үйірменің жетекшісі қаланың басты геологтарымен кездесулерді ұйымдастырады. Студенттердің арасында түрлі тақырыптарға құрылымды геология және геологиялық карталар мен қималардың  құрылысына қатысты  пікір — таластарды жасайды. Қазақстанның және жақын жатқан республикалардың бөлек-бөлек аудандарының геологиялық және тектоникалық картасының зерттеулері жасалады.

 

«Шахталық  геология» үйірмесі — үйірменің жетекшісі студенттерді көмір кен орындардың құжаттарын қалай дұрыс толтыруды үйретеді. Көмір қабаттардың жарылуы мен орын басуын, олардың газбен толуы мен шахталық алаңның тектоникасы туралы әңгімелер өткізеді. Көмір қабаттардың жабындарын, сыйымды тау жыныстардың құрылымды карталарын зерттейді.

«Тарихи геология және палеонтология» үйірмесі — үйірменің жетекшісімен  әр түрлі тақырыптарға фильмдердің қаралуы ұйымдастырылады:

— жердің даму тарихы;

— динозаврлардың тіршілік әрекеті туралы;

— жер қыртысын қамтитын  минералдар мен тау жыныстар туралы .

Оқытушы студенттерге баяндама жасауға қызықты тақырыптар беріп, олардың арасында пікір-таластар өткізіледі.

 

«Петрография» үйірмесі – Шөгінді тау жыныстарыдың коллекторлық қасиеттерін және осы қасиеттерге әсер ететін факторларды зерттейді. Әр түрлі тақырыптарға баяндама кештері өткізіледі. Максимов ауданының микроскопиялық пен макроскопиялық қасиеттерін зерттейді. Үйірме жетекшісі студенттер арасында  пәнге қызығын көтеру үшін конкурстар өткізеді. «Орталық жер қойнауы» департаментіне геологиялық мұражайға кездесулер өткізіледі.

 

Сабақтардан фотогалерея

Без рубрики