Инновациялық технологиялар факультеті


«Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасы

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында елімізде сандық жүйелерінің қарқынын жеделдету отандық жоғары техникалық білім мен ғылымға барынша жоғары талаптар қояды. Қарағанды техникалық университетінің инновациялық технологиялар факультеті жарты ғасыр бойы осы саладағы көшбасшылар мен жаңашылдардың бірі болып табылады.

50 жыл бұрын ЖОО-да тау-кен — электр факультеті негізінде автоматика және ақпараттық жүйелер факультеті ашылды. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жаңа мамандықтарының ашылуына байланысты бұл бөлімше 1993 жылы ақпараттық технологиялар факультеті, ал 2008 жылы — Инновациялық технологиялар факультеті болып қайта құрылды.

Қазіргі уақытта Инновациялық технологиялар факультетінің кафедралары CISCO желілік академиясы мен жетекші IT-компаниялардың зертханалары — «ERP-company» ЖШС, «Gexabyte» ЖШС, «Wooppay» ЖШС, «X-net» ЖШС, «WTO» ОАТ, «ABI» ЖШС енетін IT-индустрия орталығының базасында бакалавриат пен магистратураның сұранысқа ие 13 білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыруда. Әлемдік деңгейдегі бағдарламашыларды даярлау аясында факультетте 2011 жылдан бастап «EPAM Systems» RD-зертханасы табысты жұмыс істейді, оның түлектері тек аймақтың және елдің IT-компанияларында ғана емес, сонымен қатар шетелде – Google компаниясында жұмыс істейді.

ҚарМТУ-нің ИТФ түлектері – бұл сұранысқа ие, өз ісінің білікті және кәсіби мамандары!

Біздің факультетіміздің есігі сіздер үшін әрдайым ашық, біз ең ақылды және өз мақсатына ұмтылған талапкерлерді күтеміз!

Без рубрики