Халықаралық ынтымақтастық: Познань технология университеті профессоры Saginov Technical University-де


Saginov Technical University-де Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польшадағы Познань технология университетінің профессоры Томаш Рембиштің (Tomasz Rębiś) сапары өтті.

15–19 маусым аралығында шетелдік профессор «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының студенттері, магистранттары және оқытушыларымен кездесіп, дәрістер, семинарлар, шеберлік сабақтары мен ғылыми консультациялар өткізді.

Кездесу барысында Томаш Рембиш Познань технология университетінің білім беру және ғылыми мүмкіндіктерін таныстырып, өзінің зерттеу бағыттары туралы айтып берді. Сондай-ақ қатысушылар Erasmus+ бағдарламасының халықаралық білім беруді дамытудағы рөлі, академиялық ұтқырлықтың мүмкіндіктері және бірлескен ғылыми байланыстар туралы пікір алмасты.

Мұндай кездесулер студенттер мен жас ғалымдарға халықаралық академиялық ортамен жақынырақ танысуға, жаңа ғылыми көзқарастарды көруге және өз зерттеу бағытын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Профессор Томаш Рембиштің сапары Saginov Technical University мен Poznan University of Technology арасындағы серіктестікті нығайтып, университеттің халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарын дамытуға серпін берді.

Без рубрики