29- 30 сәуір Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің негізінде, біздің елімізде алғаш рет ҚарМТУ жанындағы Қазақстан қайта құру және дамыту көпсалалы институты және ҚР құрылыс саласының ұлттық ассоциациясы өткізген «Құрылыстағы ғылым, техникалық реттеу және инжиниринг: жағдайы, болашағы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
ҚазҚДКИ Қазақстанда құрылыс саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер, нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу, сараптау және жобалау-іздестіруді ұйымдастыратын ұйым болып табылады. Аталмыш Институт қызметкерлері мемлекеттік нормативті- техникалық құжаттарды сараптау және апаттардың себептері мен олардың салдарын зерттеу бойынша, соның ішінде төтенше жағдайлар режимінде, республикалық және аймақтық комиссия жұмыстарына тартылады.
ҚазҚДКИ жұмыстары мемлекеттік сыйлықтар, министрліктер мен ведомствалардың, сонымен қатар құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және т.б. облыстардың алғыс хаттары және құрмет грамоталарымен марапатталған.
Форум жұмысына алдыңғы қатарлы университеттер, Алмания, Ұлыбритания, Ресей ғылыми және инжинерлік орталықтарының ғалымдары мен мамандары, ҚР БҒМ, ҚР ҰЭМ, ҚР ИДМ, «Атамекен» КҰП жауапты қызметкерлері, ЕАЭО және ҚР кәсіби ассоциациялары, салалық комитеттері, ҒЗИ, жобалау- құрылымдық, іздестіру және мердігерлік ұйымдары қатысты.
Конференцияның ашылу салтанаты 29 сәуір ҚарМТУ бас ғимаратының жиын залында сағ 9:00-де өтті. ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев сөз сөйледі. Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.М.Ахметжаов, ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев, ҚР Инвестииялар мен даму министрі А.О.Исекешев, ҚР Ұлттық экономика вице- министрі Р.К.Ускенбаев, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы басқармасының төрағасы А.И.Мырзахметов сөз сөйледі.
Осы күні ҚарМТУ бас ғимаратында 15 кәсіби стандарттардың, 4-і Ұлттық Қор қаражатынан қаржыландырылатын, ИИДМБ-2 бейінді магистратурасының 12 жаңа білім беру бағдарламасының, студенттерді екі жұмыс мамандықтары бойыша оқытуға арналған №6 «Энергетика» жұмыс мамандықтарыныңы оталығы және «ҚарМТУ – Mitzubishi Elektrik- Казпромавтоматика» білім беру орталығының презентациясы өтті.
Mitzubishi Elektrik — электрлік және электр техникалық құрылғыларды жасайтын кең ауқымды әлемдік өндіруші болып табылатын жапондық компания.
Құрылған құрылымдар студенттер, магистранттарды тиімді оқыту үшін, сонымен қатар ИИДМБ-2 маңызды міндеттерін жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның индустриалдандыру картасына енетін кәсіпорындар қызметкерлері үшін тренингтер өткізуге арналған заманауи құрылғылармен жабдықталған.
Эксперименталды білім беру бағдарламаларын құру жәе жүзеге асыру барысында болашақ мамандардың құзіреттілік саласын анықтау мәселесі ерекше орын алды. Осы мақсатта, ИИДМБ-2 және 27 бағыт бойынша РОӘК жобаларын жзеге асыру шін мамандар дайындау бойынша негізгі ЖОО ретінде, ҚарМТУ ҚР өдірісіне бағытталған кәсіби стандарттар құруды бастады.
Халықаралық конференция шеңберінде 5 бөлімше жұмыс істеді:
Құрылыстағы эксперименталды- теориялық зерттеулер, жаңа технологиялар мен ғылыми- техникалық сүйемелдеу
Еурокодтарды қолдану арқылы жаңа нормативтік базаларды техникалық реттеу және енгізу. Сәйкестігін бағалау
Құрылыстағы жобалау және іздестірудің заманауи технологиялары және сметалық баға белгілеу
Құрылыстағы сараптау жұмыстары, қадағалау және бақылау, ғимараттар мен құрылыстардың кешендік қауіпсіздігі
ИИДМБ-2 жүзеге асыру үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.