Халықаралық әріптестік: Польша профессорларының Saginov Technical University сапары


Saginov Technical University-де Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польша ғалымдарының сапары өтіп жатыр. Познань технологиялық университетінің профессорлары — экономика ғылымдарының докторы, Инженерлік менеджмент факультетінің профессоры Ханна Влодаркевич-Климек және PhD, Инженерлік менеджмент факультетінің профессоры Иоанна Калковска университеттің оқу-ғылыми инфрақұрылымымен танысты.

Қонақтар Жұмысшы мамандықтар орталығында, «Нанометаллургиялық процестер» зертханасында, «Энергетикадағы цифрлық технологиялар» ғылыми-білім беру кешенінде, «Минералдық шикізатты кешенді игеру» зертханасында болды. Сондай-ақ олар Schneider Electric және Mitsubishi Electric оқу орталықтары мен Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жанындағы Festo оқу орталығын аралады.

Сапардың мақсаты — халықаралық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және білім беру сапасын арттыру.

 

Без рубрики