Халықаралық қатынас


Машина жасау факультеті

Машинажасау факультетіның (МИ) Халықаралық қызметі халықаралық серіктестермен достық және іскерлік қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Оның нәтижесі шетел ғалымдарын шақыруда, халықаралық бағдарламаларға қатысуда, магистранттардың, докторанттардыңжәне профессорлық-оқытушы құрамның шетелде сынау мерзімінен өтуінде көрінеді.

Факультеттың халықаралық серіктестері.

МИ кафедралары келесі шетел серіктестерімен белсенді жұмыс атқарады:

«Металлургия, материалтанужәне нанотехнологиялар» (ММ және Н)кафедрасы:Мәскеу болат және қорытпа институты (Ресей),(шетел ғалымдарының келуі, МБ және ҚИ ғалым докторанттарының ғылыми басқаруы, бірлескен ғылыми зерттеулер);

Луизиан техникалық университеті (АҚШ),(ПОҚжәне магистранттардың шетелде сынау мерзімінен өтуі, шетел ғалымдарының келуі);

Нанси университеті (Франция),(ПОҚжәне магистранттардың шетелде сынау мерзімінен өтуі, шетел ғалымдарының келуі, 6М070900 «Металлургия» мамандығы бойынша екі дипломдық білім алу келісімі, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың мобильділігі).

Санкт-Петербург мемлекеттік техникалық университеті,(ПОҚжәне магистранттардың шетелде сынау мерзімінен өтуі, шетел ғалымдарының келуі, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың мобильділігі);

Томск политехникалық университеті,(ПОҚжәне магистранттардың шетелде сынау мерзімінен өтуі);

Циттау-Герлиц жоғары мектебі (Германия), (ПОҚ және магистранттардың шетелде сынау мерзімінен өтуі);

Навоии мемлекеттіктау-кен институты (Өзбекстан), (шетел ғалымдарының келуі);

Ползунов атындағыАлтай мемлекеттік техникалық университеті (Ресей), (шетел ғалымдарының келуі);

Кафедра Мәскеу Мемлекеттік Ашық Университетінің профильді кафедрасымен оқу және ғылыми жөнінде тығыз байланыста. Бірлескен 3 оқулық басылды, авторлары: Исин Д.К. (ҚарМТУ), Смолькин А.А. (ММАУ), Батышев К.А.(ММАУ) жәнебір оқулық,бір монография басып шығару жоспарлануда, авторлары: Исин Д.К. (ҚарМТУ), Шарая О.А. (ҚарМТУ), Смолькин А.А. (ММАУ), Батышев К.А.(ММАУ);

Оңтүстік-Орал мемлекеттік техникалық университетімен, (шетел ғалымдарының келуі) қарым қатынаста.

Тулуза университетімен (Франция) шығармашылық серіктестік туралы келісім-шартқа отырды. Университеттің өкілі, профессор Кристоф Лорен ҚарМТУ-ға осы жылдың сәуірінің соңына қарай келеді деп күтілуде.

6М071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша екі дипломдық білім алуының ашылуына байланысты осы жылдың қыркүйек айының басында университетке Поль Верлен университетінің Мец.қ. (Франция) профессоры Алан Азот келеді.

/

Нанси университетінің профессоры Жерар Мишо ҚарМТУ-де

«Машина жасау технологиясы» (МТ)кафедрасы Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасының ҒЗИ және ЖОО араларында ғылыми-білім консорциум аясында іскерлік, біріккен ғылыми-техникалық жоба бойынша Белорусь ұлттық техникалық университетімен бірлесіп қызмет атқарады;

Томск политехникалық университетімен профессионалды білім аясында ақылы оқу мәселелері бойынша, шетел ғалымдарының келуі, магистранттардың ғылыми басқаруы, бірлескен ғылыми зерттеулер, магистранттардың сынау мерзімінен өтуі және академиялық мобильділігі;

Lessius Университетімен (Бельгия) (ғылым және білім аясында бірлесіп қызмет атқару, университеттер арасындағы мобильділік, магистранттар мен докторанттардың сынау мерзімінен өтуі)

Санкт-Петербург мемлекеттік техникалық университеті (ПОҚ және магистранттардың сынау мерзімінен өтуі, шетел ғалымдарының келуі, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың мобильділігі);

Тульск мемлекеттік техникалық университеті (ғылым және білім аясындағы іскерлік мәселелері бойынша, шетел ғалымдарының келуі);

Техникалық университет Циттау қ. (Германия) (докторанттардың сынау мерзімінен өтуі);

Вильнюсь техникалық университеті (ПОҚ сынау мерзімінен өтуі);

Казань мемлекеттік технологиялық университеті (шетел ғалымдарының келуі);

Кемеровск мемлекеттік университеті (шетел ғалымдарының келуі).

«Пісіру және құю өндірісі» (ПжәнеҚӨ) кафедрасы итальяндық-қазақстандық «ЕРСАЙ» компаниясымен бірлесіп қызмет атқарады. 2008 ж. қазан айында «ЕРСАЙ» өндірістік негізінде Актау қ. 80 км Құрық қалашығында ҚарМТУ мен «ЕРСАЙ» ЖШС бірлесіп жұмыс атқару туралы меморандум құрылды және қол қойылды. Меморандумға сәйкес жоспар жасалынды:

— ҚарМТУ-де пісіру бойынша жас мамандарды «ЕРСАЙ» компаниясына дайындау;

— «ЕРСАЙ» ЖШС «Пісіру» бірлескен салааралық оқу орталығын құру үшін ҚарМТУ пісіру зертханасына қазіргі заманғы жабдықпен қамтамасыз ету;

— «ЕРСАЙ» ЖШС тренингтік орталығында мамандарды және пісірушілерді теориялық оқытуда ҚарМТУ оқытушыларының оқу-әдістемелік көмегі;

— оқытушылардың квалификациясын көтеру.

Қазақстандағы пісіру Институтының ұйымымен Франция Президентінің тапсырмасымен 2010 ж. басынан «ТОТАЛЬ» («TOTAL E&P KAZAKHSTAN») француз мұнай компаниясы айналысады.

Қазақстандық пісіру Институтын құрылуының мақсаты:

— Қазақстанды Халықаралық пісіру Институтында көрсету;

— барлық ұйымдарды және пісіру өндірісінің өкілдерінбіріктіру және оқып жатқан курстарды үйлестіру;

— Уәкіл Ұлттық Орган ретінде алға шығу;

— дипломдар және халықаралық-мойындалған сертификаттар беру.

Пісіру өндірісі және ғылымының әлемдік даму тәжірибесін, мамандарды дайындау мен өнеркәсіптік дамыған елдердің мамандандырылған пісіру институтының қызметін ескере отырып,Қазақстан пісіру институты келесі қызметтерге бағытталуы тиіс:

— қазақстандық индустрия мүдделерiндегi әзiрлеу және зерттеу;

— кәсiби үйрену және пісіру қызметшісінің барлық деңгейлі және бiлiктiлiктi аттестациясы;

— инженерлiк-техникалық жұмыстар және технологиялар мен материалдар, қазiргi заманғы пісіру жабдығын енгiзу бойынша қызмет көрсету;

— пiсiрме құрастырымдарды зерттеу және бұзбай бақылау;

— есептеу, жобалау, сараптама және консультация.

2011 жылдың шілде айында Қазақстандық пісіру институты Халықаралық пісіру институтының мүшелігіне қабылданды.

Қаңтардың 16 бастап 20 аралығында Халықаралық пісіру Институты комиссиясының жұмыс мәжілісі болды. Мәжіліс Францияда Париждің солтүстік бөлігінде пісіру институты ғимаратында өтті. Мәжілісте 2012 ж. арналған бағдарламалар, пісірушілердің аттестациясы бойынша документтер талқыланды.

/

IAB сертификациясы мен оқуы бойынша комиссияның жұмыс мәжілісі

«Шетел тілдері» (ШТ) кафедрасы шетел баспасы Макмилланмен (Лондон) бірлесіп қызмет атқарады, нәтижесінде 2011 ж. қазан айында кафедра ПОҚ-на арналған Оксфорд университетінің профессоры, «Inside Out» оқулығының авторы Sue Kay қатысуымен шеттілдік түпнұсқалылық қағидасы негізінде оқу-әдістемелік құжаттамаға инновациялық компонентті енгізу және зерттеу бойынша«Authenticityin English Language Teaching» атты тренинг болды. Жаңа ұрпақтың «Шетел тілі» пәні бойынша оқулықтарды өңдеу жұмысы жүріп жатыр;

ПрофессорSueKayжәнеШТкафедрасыныңПОҚ

Кафедра ПОҚ Қазақстанның ағылшын тілінің оқытушыларының Ұлтық Ассоциациясының мүшесі (НАТЕК), жетекшісі доц. ДжантасоваД.Д. НАТЕК білім стандарттарын жетілдіру және азжасақталған мектептерге, ауылдық жерлердің оқытушыларына әлеуметтік қолдау көрсетуді мақсат еткен, Қазақстанның ағылшын тілінің оқытушыларының қоғамы. (http://natek.kz/).

Қорқытата ат. ҚМУ (Қызылорда) негізінде Натек конференциясының пленарлық мәжілісі

ТМУ (Тараз) негізінде НАТЕК конференциясының қатысушыларының тіркелуі

Шетел тілдері кафедрасының доценті Печерских Т.Ф. Ресей германистер Одағының мүшесі (Ресей), доцент Бейсембаева С.Т. германдық академиялық алмасу қызметінің мультипликаторы ДААД (Германия), кафедра меңг. Джантасова Д.Д. компьютерлік лингводидактика бойынша Халықаралық консорциум CALICO (США), ағылшын тілі оқытушыларының Халықаралық Американдықодақ,TESOL (США) жәнеағылшын тілі оқытушылараның Еуропалық Ассоциациясының мүшесіIATEFL (Англия). Осы Халықаралық ұйымдардағы жұмыстың нәтижесі шетел және отандық ғылыми-зерттеу ізденістерін қолдану және үйрену аясында бірлесіп жұмыс істеулері және шетел тілдер кафедра оқу үрдісіне оқу-әдістемелік жетістіктерді енгізуде көрінеді.

Халықаралық бағдарламалар

«ERASMUSMUNDUS (MANECA)» бағдарламасымен студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, постдокторанттардың және профессорлы-оқытушы құрамның мобильділігі бойыншаОрталық Азия және Еуроодақ елдеріне «Машинажасау технологиясы» кафедрасының қызметкерлері Жетесова Г.С., Жаркевич О.М., магистрант Таттимбекова Б.О. сынау мерзімінен өтуге 3 грант жеңіп алды.

«Нано-ғарыштық спутниктерді құру және зерттеу» оқу бағдарламасы бойынша «Темпус 4» Еуропалық бағдарлама аясында оқу және жұмыс жоспарлары өңделді.

«EnglishLanguageFellow» халықаралық бағдарламасымен ШТ кафедрасында дәріс беруге ағылшын тілі профессорын 2012-2013 академиялық жылға АҚШ елшілігінен шақыру үшін грант жеңіп алынды;

CELTA– Кембриджшетел тілінен дәріс беру сертификатына оқу үшін грант алынды (магистр Булахтина О.Ю.);

ҚРБҒМ қолдауымен Британдық Кеңестің ғылыми-әдістемелік жобасы- Official Development Assistance (ODA) – Дамудың ресми көмегi (ДРК) Қазақстан білім жүйесінде ағылшын тілін шетел тілі ретінде барлық деңгейлерде оқыту технологиясын жетілдіру мақсатын қойды. (Джантасова Д.Д. –Орталық-Солтүстік Қазақстан аймағының координаторы), қаңтар-наурыз 2012 ж.;

Гете Институты DaF-Unterricht- халықаралық жоба Республикалық Съезінде неміс тілін шет ел тілі ретінде беретін оқытушылардың біліктілігін көтеру мақсатында.(доц. БейсембаеваС.Т. –Гете Институтының мультипликаторы), қараша 2011 ж. Кафедра ПОҚ Республикалық ғылыми семинарға ДААД германистиканың өзекті мәселелері бойынша қатысу жоспарлануда, мамыр2012ж.;

Бейбітшілік Корпусымен іскерліктің нәтижесінде Қазақстанда американдық маман Мелисса Мерфидің оқытушылық қызметі кафедрада жалғасын тапты (Висконсин университеті) (қараша 2010 – қараша 2011ж.), сонымен қатар «Seminar for Women’sProfessional Growthin Teaching» кафедра ПОҚ біліктілігін көтеру жобасы Бейбітшілік Корпусуның 5 тренер-волонтеры арқылы іске асты(қыркүйек 2011 ж.).

Бейбітшілік Корпусының тренер–волонтерлары ШТ кафедрасының ПОҚ-мен

Шетелғалымдары

«Шетел ғалымдарын шақыру» жобасы бойынша 22.06 бастап 29.06.2011 жыл аралығында ҚарМТУқызметкерлеріне, магистранттарына және докторанттарына, профессорлық-оқытушы құрамына НансиУниверситетінің профессорлары (Франция) Ж.Мишо, М.Швистек дәріс оқыды және мастеркласс өткізді. 23.06 бастап 29.06.2011 ж. аралығында ММ және Н кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамына, студенттерге, магистранттарға, қызметкерлерге Мәскеу Мемлекеттік Ашық Университетінің металдар технологиясы және құю үрдістері кафедрасының профессорлары А.И. Батышев, А.А. Смолькин консультация өткізді және дәріс оқыды.

22.11. бастап 29.11.2011 ж. аралығында ҚарМТУ қызметкерлеріне, магистранттарына және докторанттарына, профессорлық-оқытушы құрамына Оңтүстік-ОралМемлекеттік Университетінің профессоры (Ресей, Челябинск) Рощин В.Е. дәріс оқыды және мастер класс өткізді.

24.11. бастап 01.12.2011ж. аралығындаМәскеу Мемлекеттік Ашық Университетініңметалдар технологиясы және құю үрдістерікафедрасының профессорлары К.А. Батышев және Санкт-Петербург Мемлекеттік Политехникалық Университетінің (Ресей)профессоры Косников Г.А.ММ және Н кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамына, студенттерге, магистранттарға, қызметкерлергеконсультация өткізді және дәріс оқыды.

12-13 желтоқсан 2011ж. Нанси Университетінің профессоры (Франция) Ж.Мишо кафедра магистратурасы бойынша жауапты Квон Св.С. және оқу жұмысы бойынша проректор Егоров В.В. екідипломдық білім мәселесі бойынша кездесті.

Профессор Рощин В.Е., профессор Косников Г.А., профессор Батышев К.А., (оңнан солға қарай) «Қазақстанның тау-кен-металлургиялық комплексі: инновациялық дамудың перспективалары мен мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық мәжілісінде

Профессор Батышев К.А. халықаралық конференцияның жабылуында

27.10.2011 бастап 03.11.2012ж. аралығында ПОҚ, студенттерге, магистранттарға және докторанттарға машинажасау технологиясы бойынша дәріс оқуға Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің профессоры (Өзбекстан) Аликулов Джавлан Ергешович шақырылды.

2012 ж. сәуір айындадәріс оқу, мастер-класс өткізу, ЖОО арасында бірлескен іскерлік келісіміне келу үшін т.ғ.д., профессор Отений Я.Н. (Ресей), ал 2012 ж. қыркүйек айындат.ғ.д., профессор Девойно О.Г. (Беларусь)келеді деп күтілуде.

Шетел ғалымдарын шақыру бағдарламасы бойынша ҚарМТУ-не Гонг Конг Университетінің ақпараттық білім технологиялар департаментінің директоры профессор Даниель Черчиль келді. Профессор Д. Черчиль E-Learning (Электрондыоқу) өзекті мәселелері және Pedagogical Design (Сандық технологиялар оқуын өңдеудегі педагогикалық аспект) бойынша«Шетел тілдері» кафедрасы ПОҚ арналған 46 сағат көлемінде дәріс оқыды; ЖОО ПОҚ арналған Қазақстандық Оқу Ассоциясының қатысуымен “Teachinginthe Digital Era” (Сандық технологиялар ғасырындағы оқыту) брифинг ұйымдастырылды; «Universityofthe 21stcentury» (21 ғасыр университеті) атты ғылыми-әдістемелік семинарда сөз сөйледі.

Профессор Даниель Черчиль ШТ кафедрасының ПОҚ құрамымен

Профессор Даниель Черчиль

«Қазiргi жастарда қазақстандық отан сүйгiштiктiң қалыптасуының мәселе және әдiстерi»

конференциясының жабылуында

Кангнунг-Вонджу ҰлттықУниверситеті түсті металдар технологиясы институтының корейлік делегациясымен 2012 ж. 15 ақпанда кездесу ұйымдастырылды.(Каннын қ., Оңтүстік Корея). Келесі бағыттар бойынша іскерлік мәселелерін талқылау үшін тау-кен институты мен машинажасау институтының ПОҚ,студенттер, магистранттар және докторанттарымен кездесті:

— докторанттардың басқаруы

— институт қызметкерлері мен ПОҚ сынау мерзімінен өтуі

— студенттердің академиялық мобильділігі

— бірлескен ғылыми зерттеулер

Оңтүстік Кореяның делегациясы семинарда

Оңтүстік Корея делегациясының конференц-залда машина жасау институты мен тау-кен институтының студенттер, магистранттар, докторанттар және ПОҚ кездесуі

ПОҚ, докторанттармен магистранттардың шетелде сынау мерзімінен өтуі

Институт кафедраларында магистранттармен докторанттардың шетелде сынау мерзімінен өтуі табысты түрде жүзеге асуда:

— 2011 ж. сәуір айында магистранттар Платонова Е.С., Белоусова В.С., Айдарбеков Н.Н.Нанси университетінде(Франция) кристалдарды зерттеудің қазіргі әдістемелері бойынша сынау мерзімінен өтті;

Магистранттар Платонова Е.С., Айдарбеков Н., Белоусова В. қабықшаларды өсіру зертханасында,

Нанси университеті (Франция)

Магистранттар Платонова Е.С., Айдарбеков Н. және Белоусова В. Saint-Goba nқұбырларды

шығару зауытында, Нанси университетінің профессорыЖерар Мишомен

— 19-28 маусым аралығында МВМ-10 тобының магистранттары Достаева А.,Құсжанова А. және СТМ-10 тобының магистранттары Быкова Н. Лещенко М. және Таттимбекова Б. Прага даму орталығында сынау мерзімінен өтті;

— 6-16 қараша аралығында магистранттар Тулегенова Ш.Н., Құлтанова М.Т., Сұлтанбекова Э. Прага даму орталығындасынау мерзімінен өтті, Чехия.

Магистранттар Достаева А., Таттимбекова Б., Быкова Н., Лещенко М., Кусжанова А.

Прага даму орталығында, Чехия

Магистранттар Тулегенова Ш.Н. және Сұлтанбекова Э. Прага даму орталығының профессорларымен

— 4-16 желтоқсан аралығында — магистрант Мұханғалиев Ернар Мәскеу мемлекеттік ашық университетінде сынау мерзімінен өтуде

Магистрант Мұханғалиев Ернар Мәскеу болат және қорытпа институтының

«Құю өндірісінің технологиясы» зертханасында

Магистрант Мұханғалиев Ернар Мәскеу ашық университетінің профессорларымен

— МСМ-10-1 тобының магистранттары Новиков Г.А., Ткачев А.Н., Искаков Б.К., Молдағали Б.Ж., Жүнісбеков Д.С.–Беларусь ұлттық техникалық университетінде (БҰТУ) сынау мерзімінен өтті

— 2011 ж. қазанында МСД-10 тобының докторанттары Муравьева Ю.О., Теленкова Е.А. және МЕТД-10 тобының докторанты Исагулова Д.А. –Германияда сынау мерзімінен өтті, Циттау – Герлитц Жоғары мектебі, қолданбалы ғылым университеті

Докторанттар Исагулова Д., Теленкова Е. және Муравьева Ю. Циттау – Герлитц Жоғары мектебінде сынау мерзімінен өтуде, Германия

Халықаралықғылыми семинарларға, конференцияларға қатысу

  1. СТМ-10 тобының магистранты Таттимбекова Б.О. және МСД-10 тобының докторанты Теленкова Е.А. «ERASMUS MUNDUS (MANECA)» халықаралық бағдарламасы бойынша Бельгияда, «DeNayer» инжинириг институтында алты айлық оқу оқиды.
  2. 2011 ж. 28-31 наурыз аралығында МВМ-10 тобының магистранты Құсжанова Алтынай Біріккен Араб Әмірліктерінде әлемнің 120 елінен 400 адам қатысқан «Education Without Borders» атты халықаралық конференцияға қатысты. Осы конференцияға Қазақстан бірінші рет қатысып, өкілдері Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дан және ҚарМТУ болды. Халықаралық деңгейдетехникалық білім және экология мәселелеріконференция аясында талқыланды.

Құсжанова Алтынайға Халықаралық конференцияға белсенді ат салысқаны үшін берілген сертификат , Біріккен Араб Әмірлігі

3. Студенттер мен кафедра оқытушыларының академиялық мобильділігін жүзеге асыру бойынша МЕТМ-11 тобының магистранты Далабаев Диас Италияға оқуға барады, Турин қ. Politecnico di Torino, кафедра ассистенті Азбанбаев Э.М. Италияға 2 айға сынау мерзімінен өтуге барады, Турин қаласы, Politecnico di Torino.

МВМ-10 тобының магистранты Құсжанова Алтынай

«Education Without Borders» атты халықаралық конференцияда, Біріккен Араб Әмірлігі

Без рубрики