Хабарландыру Атамбаев Ж.Н. диссертациялық жұмысын қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Атамбаев Жасулан Нурбаевич 8D07203 — «Металлургия» мамандығы бойынша «Қазақстандық шикізаттан үйкеліске қарсы шойын құймаларды балқытылатын үлгілермен құю әдісімен өндіру технологиясын зерттеу және әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады. Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасында орындалды.

Докторлық диссертацияны қорғау тілі-қазақ.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Квон Светлана Сергеевна — техника ғылымдарының кандидаты, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан.
  2. Окишев Константин Юрьевич — физика-математика ғылымдарының докторы, «Термилық өңдеу және металдар физикасы» кафедрасының профессоры, «Бірінші Ресей Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті», Орал қ., Ресей Федерациясы.

Ресми рецензенттер:

  1. Сұлтамұрат Гүлмира Изатуллақызы — техника ғылымдарының кандидаты, «С.Баишев атындағы Ақтөбелік университеті» КеАҚ «Өндірістік және өңдеуші салалар» кафедрасының басшысы, Ақтөбе қ., Қазақстан.
  2. Айткенов Нурбек Болатович — философия докторы (PhD), «Қарағанды индустриалдық университеті» КеАҚ, «Металлургия және материалтану» кафедрасының доценті, Теміртау қ., Қазақстан.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Махамбетов Ерболат Нысаналыұлы — философия докторы (PhD), Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Ферроқорытпалар және қалпына келтіру үдерістері» зертханасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан.
  2. Келаманов Бауыржан Сатыбалдыұлы – техникалық ғылымдар кандидаты, К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының профессоры, Ақтөбе қ., Қазақстан.
  3. Жумаев Ахмаджон Абдувохидович — философия докторы (PhD), Навои мемлекеттік тау-кен және технологиялық университетінің «Машина жасау технологиялары» кафедрасының доценті, Навои қаласы, Өзбекстан Республикасы.

Қорғау форматы аралас түрінде 2026 жылдың 09 қаңтар күні, сағат 14.00-де, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/2, 2 корпус, 206 аудиторияда, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ мекенжайы бойынша өткізіледі.

Диссертациялық кеңестің мекенжайы: 100027, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/2, 2 корпус – 223 ауд.

Сілтеме: https://zoom.us/j/2043532217?pwd=ZTdnN3BvNlBYTEh3MkN0cE44QVIydz09

Конференция идентификаторы: 204 353 22 17

Кіру коды: 1953

Диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғауда ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Аринова Сания Қасқатаевнаға электрондық пошта арқылы жіберу қажет. E-mail: s.arinova@ktu.edu.kz
 

 

Без рубрики