Хабарландыру Айсанова М. А. диссертациялық жұмысын қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеЕАҚ-да 8D07302 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Айсанова Мадина Акпановнаның «Жол салуға арналған модификацияланған бетонның физикалық-механикалық қасиеттерін   зерттеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертация «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Жумагулова Адия Аскаровна — техника ғылымдарының кандидаты, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, (Астана қ., Қазақстан).
  1. Есентай Дәурен Ерланұлы — философия докторы (PhD), «Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты» мекемесінің «Урбанистика және көлік құрылысы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ректоры (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Рахимова Галия Мухамедиевна — техника ғылымдарының кандидаты, «Әбілқас  Сағынов  атындағы  Қарағанды  техникалық  университеті»  КеАҚ «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан).
  1. Байджанов Джумангельды Омарович– техника ғылымдарының докторы, «Әбілқас  Сағынов  атындағы  Қарағанды  техникалық  университеті»  КеАҚ «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан).
  1. Славчева Галина Станиславовна — техника ғылымдарының докторы, «Воронеж мемлекеттік техникалық университеті» ЖОО ФМБ «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары технологиясы» кафедрасының профессоры, (Воронеж қ., Ресей Федерациясы).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:

  1. Ахметов Данияр Акбулатович – техника ғылымдарының докторы, «Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
  1. Чистяков Артем – философия докторы (PhD), Словакия техникалық университетінің «Материалдық инженерия және физика» кафедрасының ассистенті
  1. Ашимова Салтанат Жандарбековна –  философия докторы (PhD), «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ филиалының «Жол құрылыс материалдары және жаңа технологиялар» бөлімінің меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2025 жылғы 21 қараша күні сағат 15.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ 8D07302 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекенжайы: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/1, 1 корпус, 521 аудитория.

Конференцияға сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/4240236743?pwd=N1cvaFpUaEhNRG9PU091ajlGUnZJZz09

Конференция идентификаторы: 424 023 67 43

Кіру коды: 1953

e-mail: g.rakhimova@ktu.edu.kz

Без рубрики