Хабарландыру


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметінің аудиторы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Құжаттарды белгіленген мерзімде мына мекенжайға тапсыру қажет: 100000, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, 218 каб., телефон: +77022018654.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент және/немесе қаржы және кредит салаларындағы жоғары кәсіптік білімі, мүмкіндігінше ақпараттық технологиялар және/немесе техникалық салада және/немесе юриспруденция саласында қосымша білімі бар;
  2. аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі — кемінде екі жыл;
  3. Қазақстан Республикасының, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін білу;
  4. Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және халықаралық ішкі аудиттің кәсіби стандарттарын, Халықаралық аудит стандарттарын (ХАС) білгені дұрыс;
  5. аудит және/немесе есепке алу және қаржылық менеджмент саласында сертификаттың және/немесе біліктіліктің болғаны дұрыс;
  6. мемлекеттік және шет тілдерін білгені дұрыс.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды қағаз және / немесе электрондық тасығышта ұсынады:

  1. еркін нысандағы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. білімі, еңбек қызметі, кәсіби тәжірибесі мен біліктілігі туралы мәліметтерді қамтитын қызметтік тізім (түйіндеме);
  4. салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;
  5. соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі не еңбек қызметін растайтын электрондық үзінді көшірме;
  6. салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, біліктілігін арттыру, кәсіби даярлығы, арнайы білімі мен құзыретінің болуы туралы құжаттардың көшірмелері;
  7. құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама Egov.kz;
  10. «Электрондық үкімет» eGov.kz. веб-порталы арқылы алынған адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде жүргізіледі.

Без рубрики