ХАБАРЛАНДЫРУ


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылымдық бөлімшелер басшыларының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;
  2. Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;
  3. Коммерцияландыру кеңсесінің басшысы;
  4. Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы;
  5. Сапа менеджменті және аккредиттеу орталығының басшысы.

Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

  • тиісті мамандық бойынша жоғары және / немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  •  басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, магистр, ғылым кандидаты немесе философия докторы PhD дәрежесі бар ізденушілер үшін-басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
  • ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент саласында және университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болғаны жөн;
  • IT-стратегиялар мен саясаттарды әзірлеу және іске асыру тәжірибесі;
  • әртүрлі it-инфрақұрылымдармен, бағдарламалық қамтамасыз етумен және     технологиялармен жұмыс тәжірибесі;
  • білім беру ұйымдарында қолданылатын нақты it-жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз  етуді білу.

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • ғылым докторы, ғылым кандидаты немесе PhD докторы дәрежесіне артықшылық беріледі;
  • ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес.

Коммерцияландыру кеңсесі басшысының лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • жоғары білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің   болуы немесе функционалдық міндеттеріне сәйкес салаларда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы немесе коммерцияландыру кеңсесінде кемінде 6 ай жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • қаржыландырылатын жобаларды, стартап компанияларды және технологияларды коммерцияландыру жөніндегі жобаларды ұйымдастыру бойынша қол жеткізілген нәтижелер болғаны жөн.

Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

  • жоғары заңгерлік білімі;
  • мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

Сапа менеджменті және аккредиттеу орталығы басшысының лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

  • жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
  2. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
  3. жоғары білімі, академиялық және/немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атақ беру туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын электрондық үзінді көшірме;
  5. біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  6. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
  7. құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген №075 нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
  8. психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген анықтамалар;
  9. адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  10. тұлғаның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  11. бөлімшені дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды белгіленген мерзімде мына мекенжайға тапсыру қажет: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, 250 каб., тел. 56-73-96, +77715558828.

Без рубрики