«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
- Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры – 1 бірлік.
Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры лауазымына қойылатын біліктілік талаптары
- тиісті мамандық бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, магистр, ғылым кандидаты немесе философия докторы PhD дәрежесі бар ізденушілер үшін басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
- ғылым және жоғары білімнің менеджменті саласындағы және университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болғаны жөн;
- IT-стратегиялар мен саясаттарды әзірлеу және іске асыру тәжірибесі;
- әр түрлі IT инфрақұрылымдарымен, бағдарламалық жасақтамамен және технологиялармен жұмыс тәжірибесі болуы;
- білім беру ұйымдарында қолданылатын нақты IT-жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
- жоғары білімі, академиялық н/немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атақ беру туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын электрондық үзінді көшірме;
- біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
- құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген 075 нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген анықтамалар;
- адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- тұлғаның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- департаментті дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттарды белгіленген мерзімде мына мекенжайға тапсыруы қажет: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, каб.250, тел, 56-73-96, +77715558828.