Ұлттық мереке күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қарағанды мемлекеттік техникалық университетке келіп


Ұлттық мереке күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қарағанды мемлекеттік техникалық университетке келіп, білім, ғылым және инновациялар саласындағы ЖОО-ның жетістіктерімен танысып, сонымен қатар өз курстастарымен және достарымен кездесті.

«Политех» тарихы және қазіргі жетістіктері Елбасы өмірі мен қызметімен, оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғырту сұрақтары бойынша ғалами бастаулар мен бағдарламалық нұсқамалармен тығыз байланысты.

ЖОО ұжымы Н.Ә.Назарбаев 1962 – 1965 жж. аралығында инженерлік білім негіздерін осы университетте оқығаны үшін мақтан тұтады. Елбасының бұйрығын орындау үшін 2007 жылы ҚарМТУ негізінде Инженерлік бейінді зертхана құрылды, ол халықаралық аккредиттеуді сәтті өтіп, кәсіпорындардың 520 млн.теңгеден астам сомаға ғылыми зерттеулер орындады.

2010 жылдың, қазан айында Қазақстан және Франция Президенттерінің шешімі бойынша және «ТОТАL» француз компаниясының қатысуымен ҚарМТУ-да жоғары деңгейдегі мамандар мен мұнай-газ саласы мен өндірістегі қазіргі дәнекерлеу технологияларды көшіру үшін ҒЗИ «Қазақстандық Дәнекерлеу институты» құрылды.

ҚарМТУ ғалымдарының ерекше дамытуларының бірі ҚР Бірінші Президент мысалында Патриотикалық тәрбиелеудің моделі болып табылады. Патриотикалық тәрбиелеу тұжырымдамасы мен ҚарМТУ-дағы оның сәтті қабылдау тәжірибесі ҚР Парламент  Мәжілісінің жоғары бағасына ие болып, 2010 жылы ҚР БҒМ-мен Қазақстанның 50 жетекші ЖОО мен колледждерге енгізуге ұсынылды.

Техникалық білім жүйесінде практикалық дайындықты сапалы жақсарту үшін Елбасы дуалды оқытуды дамыту міндетін қойды, бұл оқу орны мен кәсіпорында параллельді оқытуды негіздейді. Бұл міндетті орындау үшін ҚарМТУ-да Корпоративті Университеттің 72 кәсіпорындарында жұмыс істейтін кафедра филиалдарында болашақ мамандардың дайындығын жүзеге асыратын «Дуалды техникалық оқыту», «Құрылыс және ТКШ жаңғырту», «Металлургия» және «Дуалды әскери оқыту» оқу-ғылыми-өндірістік бірлестіктер құрылды.

ҚарМТУ-дың қазіргі біріктірілген білімдік және ғылыми-өндірістік қоры, Корпоративті Университет кәсіпорындары, Технологиялық колледж және Жұмыс мамандықтардың Орталығы Елбасымен қойылған ғалами міндеті – Жалпы Еңбек Қоғамын құру арқылы мемлекеттің әлеуметтік жаңғыртуда 20 қадамды орындауға мүмкіндік береді.

Ұлттық мереке- ҚР Бірінші Президент Күні құрметіне ҚарМТУ-да салтанатты іс-шаралар өткізілді: жетекші ғалымдар студенттерге Елбасының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудағы рөлі жайлы дәрістер курсын оқып, студенттердің белсенді қатысуымен «Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық қоғамын және ішкі саяси тұрақтылыты нығайтуға бастаулары» кураторлық сағаты бойынша мастер-класс беріліп, «Жастар әлемі» Жастар сарайында концерт ұйымдастырылды.

Без рубрики