«Dulaty жастары – Жаңа Конституция елшілері» республикалық мәдени-танымдық сапары аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің белсенді студенттері Saginov Technical University-де болды.
Жобаның басты мақсаты – жаңа Қазақстан Конституциясының негізгі қағидаттарын жастар арасында кеңінен түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді жас буынды қалыптастыру.
Saginov Technical University-де өткен кездесу осы мақсаттың жалғасы ретінде ұйымдастырылып, жастар арасында ашық диалог пен өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Кездесу танымдық форматтан басталып, ерекше көңілді жастар кешімен жалғасты. Университетіміздің белсенді жастары қонақтарға арнап ән, би және еркін шығармашылыққа толы жылы атмосфера сыйлады.
Бұл кеш жаңа таныстыққа, шынайы эмоцияға және достық қарым-қатынасқа толы болды. Жастар бірге ән айтып, би билеп, естелікке фото-видеолар түсіріп, бір-біріне жақсы әсер қалдырды.
Осындай кездесулер әр өңірдің жастарын ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіріп, жауапты әрі саналы азамат болуға үндейді.
Бір ел. Бір мақсат. Бір Конституция. Біртұтас Қазақстан!





