«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Ержан Айдананың 8D07203 — «Металлургия» мамандығы бойынша «Ферроқорытпа өндірісінің жоғары дисперсті шаңын кесектеу және кәдеге жарату мақсатында технологиясын зерттеу және әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады. Диссертациялық жұмыс «Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ-ның «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасында және Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласындағы Ресейдің тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университетінде орындалды.
Докторлық диссертацияны қорғау тілі-орыс.
Ғылыми кеңесшілер:
- Квон Светлана Сергеевна — техника ғылымдарының кандидаты, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.
- Окишев Константин Юрьевич — физика-математика ғылымдарының докторы, «Термиялық өңдеу және металдар физикасы» кафедрасының профессоры, «Бірінші Ресей Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті», Орал қ., Ресей Федерациясы.
Ресми рецензенттер:
- Воробкало Нина Руслановна — философия докторы (PhD), Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Пирометаллургиялық процестері» зертханасының жетекші, ғылыми қызметкері, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.
- Ульева Гульнара Анатольевна — техникалық ғылымдар кандидаты, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент), «Qarmet» АҚ Аналитикалық бақылау орталығының металтану және дефектоскопия зертханасының жетекші маманы, Теміртау қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Жунусов Аблай Каиртасович – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Торайғыров университеті» КЕАҚ Инженерия факультетінің деканы, Павлодар қаласы, Қазақстан;
- Ким Сергей Васильевич – техника ғылымдарының кандидаты, «Металлургия» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессоры (доценті), «Рентан» ЖШС директоры, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы;
- Мансуров Юлбарсхон Набиевич – техника ғылымдарының докторы, Tashkent Perfect University профессоры, Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы.
Қорғау форматы аралас түрінде 2026 жылдың 11 желтоқсан күні, сағат 10.00-де, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/2, 2 корпус, 206 аудиторияда, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ мекенжайы бойынша өткізіледі.
Диссертациялық кеңестің мекенжайы: 100027, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/2, 2 корпус – 223 ауд.
Сілтеме:https://us05web.zoom.us/j/85272847401?pwd=tdEQaSESr9JsQvT7CqjUpv4LifWSgC.1
Конференция идентификаторы: 852 7284 7401
Кіру коды: 1418
Диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғауда ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Аринова Сания Қасқатаевнаға электрондық пошта арқылы жіберу қажет. E-mail: s.arinova@ktu.edu.kz