Докторлық диссертация қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Кенесова Перизат Еркінқызының 8D07103 –  «Электротехникалық кешендер және жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша «Генераторлық тежеу режимдерінде жылдамдық бойынша реттелетін электр жетектерін басқару жүйелерін құру» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Электрмен жабдықтау» кафедрасында орындалған.

Докторлық диссертацияны қорғау тілі-қазақ.

 Ғылыми кеңесшілер:

  1. Таткеева Галина Галимзяновна – техника ғылымдарының докторы, доцент, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Электрмен жабдықтау» кафедрасының меңгерушісі (Астана қаласы);
  2. Калужский Дмитрий Леонидович – техника ғылымдарының докторы, ФГБОУ ВО «Новосібір мемлекеттік техникалық университеті» энергетика кафедрасының профессоры (Новосібір қаласы, Ресей Федерациясы).

 Сын-пікір берушілер:

  1. Алмуратова Нұргүл Қанайқызы – PhD докторы, доцент, «Ғұмарбек Даукеев атындағы энергетика және байланыс университеті» КeАҚ «Электр машиналары және электр жетегі» кафедрасының доценті (Алматы қаласы);
  2. Ақаев Айбек Мұратбекұлы – PhD докторы, доцент, «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ ядролық және дәстүрлі энергетикалық технологиялар мектебінің деканы (Өскемен қаласы).

 Кеңестің уақытша құрамы:

  1. Талипов Олжас Манарбекұлы – PhD докторы, доцент, «Торайғыров университеті» КeАҚ «Электротехника және автоматика» кафедрасының меңгерушісі (Павлодар қаласы);
  2. Ербаев Ербол Төлегенұлы – PhD докторы, доцент, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ «Электротехника және автоматика» жоғары мектебінің доценті (Орал қаласы);
  3. Орынбаев Сейтжан Әуесжанұлы – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры (Тараз қаласы).

Докторлық диссертацияны қорғау 2023 жылы 17 қазанында сағат 12.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ өтеді.

Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56. Қорғау отырысы онлайн-режимінде Zoom-платформасында (конференцияның идентификациялық номері 483 510 80 11, кіру коды 777) өткізіледі.

Сайт адресі: http://www.kstu.kz/dissertatsionny-j-sovet/

e-mail: Perizat_kenessova@mail.ru

Без рубрики