Докторантураға түсу емтиханына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды
3 шілдеден бастап докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысу үшін өтініштер қабылданады. Өтініш беру мерзімі 2026 жылғы 3 тамызға дейін жалғасады.
Түсу емтихандары 4–20 тамыз аралығында өтеді.
Өтініш беру және емтиханға қатысуға тіркелу ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылады.
Талапкерлер тек бір жоғары оқу орнын және білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдай алатынын еске саламыз.
Толық ақпарат: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1252643?lang=ru
[/su_custom_gallery][/su_custom_gallery]
