«Сәулет және көлік құрылысы» (СжКҚ) кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар даярлайды:
• 6B07301 «Сәулет» — оқу мерзімі 5 жыл;
• 6B07309 «Қоршаған орта кеңістігінің сәулеті» — оқу мерзімі 5 жыл;
• 6B07306 «Көлік құрылысы» — оқу мерзімі 4 жыл;
• 6B07308 «Көлік құрылысы және автомобиль жолдарын пайдалану» — оқу мерзімі 4 жыл.
Кафедраның миссиясы — сәулет, құрылыс және көлік инфрақұрылымының қазіргі даму жағдайында кәсіби қызметін табысты жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандар даярлау. Кафедра заманауи техникалық білім мен практикалық құзыреттерді меңгерген жаңа буын мамандарын даярлау арқылы қоғамның зияткерлік және кәсіби дамуына елеулі үлес қосады.
Кафедраның негізгі міндеті — заманауи педагогикалық технологияларды, инновациялық оқыту әдістерін және ғылым мен техниканың жетістіктерін қолдану арқылы білім беру үдерісінің жоғары сапасын қамтамасыз ету. Білім беру бағдарламаларының мазмұны кәсіби стандарттар, жұмыс берушілердің сұраныстары және өндірістің заманауи даму үрдістері ескеріле отырып, тұрақты түрде жаңартылып отырады.

