Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің негізгі мақсаты Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің халықаралық қызметінің стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің негізгі міндеттері:

— университеттің оқу және ғылыми қызметін интернационалдандыруға жәрдемдесу;
— Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің халықаралық қызметін стратегиялық жоспарлау және мониторингілеу;
— Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің білім беру қызметтерінің экспорт/импортын дамыту;
— Халықаралық мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға жәрдемдесу;
— Университеттің оқу бөлімдеріне шетел азаматтарын оқытуға және шетелдік мамандарды тартуға көмек көрсету;
— Қызметкерлерді іссапарға жіберу, студенттерді шетелге жіберу туралы бұйрықтарды дайындау, шетелге іссапарларға есеп беру құжаттамасын аудару;
— Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің шетелде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға көмек/қолдау көрсету;
— Шетелдік серіктестермен бірлескен білім беру бағдарламаларын, таныстыру тәжірибесін, жазғы/қысқы мектептерді әзірлеуге көмек көрсету;
— Шетелге шығатын студенттер мен оқытушылар құрамының шет тілін білуіне тестілеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
— Халықаралық қызметті ресімдейтін құжаттарды әзірлеу (шарттардың, келісімдердің, меморандумдардың мәтіндері және т.б.).



Байланыс деректері
Мекен-жайы: 100027, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., НұрсұлтанНазарбаев даңғылы, 56
Бас ғимарат, 241 кабинет
Телефондар: 8 (7212)56-51-97, 56-03-28 (ішкі 2048)
Почта: exchange.center@ktu.edu.kz