Час добропорядочности «Адалдық сағаты»


2019 жылдың 5 қарашасында ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінде Қарағанды ​​қаласының кәмілеттік жасына толмағандар ісі бойынша полиция бөлімінің учаскелік инспекторы және орталық ПБ-нің өкілдері С.С. Бейсембай және Н.С. Омаровалардың қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы Заңдарының негізгі ережелері, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзгерістер туралы талқыланды. Бөлім қызметкері сондай-ақ, кез-келген адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша кеңес алып, заң бұзушылықтар туралы кеңес бере алатын ақысыз байланыс орталығының жұмыс істейтіні туралы ақпарат берді. Егер осындай жағдайлар туындағанда (1424 нөмірі)  хабарласуға болатынын ескертті.  Жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен ұлттық құндылықтар арқылы ұрпақ тәрбиелеудегі отбасының рөліне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Қарағанды ​​облысы УПН ДН аға жедел уәкілі, полиция майоры К.А. Корнененко колледждің 308 студенті арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл фактісі бойынша жасырын сауалнама жүргізді.

Сауалнаманың нәтижелері бойынша Инновациялық технологиялар колледжінде профессорлық-оқытушылар құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары кездеспегені анықталды.

 

 

Без рубрики