23 қыркүйектен 18 қазан аралығында Күн энергиясы орталығының басшысы Митко Стоев жүргізген дәрістер курсы өтті


Әлемнің жетекші жоғары оқу орындарынан шақырылған профессорының дәріс курсы

ЖМ кафедрасының шақыруымен 23.09.2019 мен 18.10.2019 аралығында біздің университет базасында әлемнің жетекші университеттерінен шақырылған профессорларымен жұмыс аясында инженер докторы, South-West University «Neofit Rilki» (Болгария) университетінәң профессоры, Күн энергиясы орталығының жетекшісі Митко Стоев «Applied Photovoltaics: Solar cells, PV modules, PV generators, PV plants, Energy mix, Design of Solar energy centers etc.» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәрістерге университеттің студенттері, магистранттары мен оқытушылары қатысты, олар осы курстың маңыздылығын, сонымен қатар материалды ұсынуға деген шығармашылық көзқарасты атап өтті.

Шетелдік мамандардың жұмысы бізге жаңа білім мен оқыту әдістері арқылы білім беру процесіне қазіргі көзқарастар тұрғысынан қарайтын студенттердің құзіреттілігін дамытуға мүмкіндік береді және Университеттегі білім беруді интернационализациялауға бағытталған.

 

Без рубрики