«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында суреттер мен плакаттар, буклеттер сайысы


2023 жылдың 20 ақпаннан 03 наурызға дейін «Саналы ұрпақ» клубының жоспарына сәйкес Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінде студенттер арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында суреттер мен плакаттар, буклеттер сайысы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында әлеуметтік жарнаманы әзірлеуге және пайдалануға тарту.

Студенттер байқауға белсенді қатысып, түрлі-түсті плакаттар, суреттер дайындады, креативтілік пен даралықты, корпоративтік рухты және топта жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті, ең бастысы, сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз жақтарын дәлелді түрде көрсете алды.

Байқаудың нәтижелерін құзыретті қазылар алқасы бағалады. Бағалау критерийлері алдын-ала жасалды. Қорытынды шығарылғаннан кейін қазылар алқасы нәтижелерді жариялап, позитивтілігі, номинанттардың белсенді қатысқаны үшін барлығына алғыс білдірді. Келесі номинациялар бойынша үздік жұмыстар атап өтілді және марапатталды:

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»

«Үздік плакат» номинациясы бойынша КОПЖТ 9/21-1 тобы, кураторы: Жарманов Д.Ж.

«Үздік сурет» номинациясы бойынша К 9/22-3 тобы, кураторы: Джунусалиева С.Д.

«Үздік буклет» номинациясы К 9/22-1 тобы, кураторы Жақсыбаева С.Р.

Без рубрики