Saginov Technical University-де 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында университет басшылығының бітіруші курс студенттерімен жоспарлы кездесулері өтеді.
Алғашқы кездесу 28 қыркүйекте Энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультетінің 280-ге жуық бітіруші курс студентінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Кездесуге Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор, профессор Бекболат Рақышұлы, Басқарма мүшесі – әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қобыландыұлы, сондай-ақ құрылымдық бөлім басшылары мен факультет декандары қатысты.
Ашық диалог барысында оқу үдерісін Академиялық саясат талаптарына сай ұйымдастыру, студенттерді толғандыратын мәселелерді шешу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ішкі тәртіп ережелерін сақтау және университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу мәселелері талқыланды.
Абай Қобыландыұлы студенттердің тәрбиелік және қоғамдық бастамаларға белсенді араласуының маңызын атап өтіп, университеттің ішкі тәртіп қағидаларын сақтау әрбір білім алушының жауапкершілігі екенін жеткізді.
Мансап және жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алып жатқан түлектерге алдағы іс-шаралар мен жұмысқа орналасуға қатысты маңызды ақпарат ұсынды.
Маркетинг және PR департаменті мен Қабылдау комиссиясының мамандары оқу аяқталғаннан кейінгі кәсіби мүмкіндіктер, екінші жоғары білім алу және магистратурада білімін жалғастыру жолдарын таныстырды.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар мен қажетті түсіндірулер алды.
[/su_custom_gallery][/su_custom_gallery]








