27 сәуір күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасында Қырғыз Республикасының И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті делегациясының сапары аясында «Бірлескен білім беру бағдарламалары: идеядан іске асыруға дейін» тақырыбында шетелдік сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға шетелдік делегация мүшелері: экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Майрам Мааданбекова, PhD докторы, доцент, білім беру бағдарламасының жетекшісі Зульфия Тохтыева, экономика ғылымдарының кандидаты, халықаралық байланыстарға жауапты доцент Адиля Омурбекова, PhD докторы, доцент Индира Курбанова, экономика ғылымдарының кандидаты, магистратураға жауапты доцент Нургуль Алджембаева, аға оқытушы, кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты Замира Жолдошова қатысты.
Сондай-ақ дөңгелек үстел жұмысына кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Баяндамалармен кафедра меңгерушісі Гаухар Танекеева, магистратураға жауапты қауымдастырылған профессор Айгерим Шаметова, сондай-ақ кафедраның сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы, қауымдастырылған профессор Айгуль Дарибекова сөз сөйледі.



