«Бірінші курс студенттер дебюті»


Жол-көлік Институтының «Бірінші курс студенттер дебюті» 2012 жылдың 24 қазан айында «Жастар Әлемі» жастар сарайында Жол-көлік Институтының «Бірінші курс студенттер дебюті» атты іс-шара өтті. «Бірінші курс студенттер дебюті» бір жылға жоспраланған, үш этаптан тұрады. Бұл жолы іс-шараның бірінші этапы, ең дарынты топ, өтті. Екінші этап – ең спорттық топ, үшінші этап – ең зерделі топ. Іс шараның ұйымдастырушылары: Жол-көлік Институтының кәсіподағы. Іс шараның басты мақсаты, жылдың ең дарынды тобын анықтау, шығармашылық потенциалды іске асыру жағдайын және де ЖКИ бірінші курс студенттерінің инженерлік дағдыларын туғызу. Ең басты міндеттері, жастардың творчествалық белсенділіктерін жоғарылату, өзін көрсете білудегі потенциалдық қабілеттерін ашу болды. Іс шарада әр топ 20 минуттан туратын концерттік бағдарлама мен жол көпірінің моделін құрастыруы керек болды. Іс-шараға ЖКИ оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Т.К.Алиев, ЖКИ тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасара Д.В.Безкоровайный, ҚарМТУ «Жас Орда» студенттері мен магистранттар кәсіподақ төрағасы А.А. Маженов, ҚарМТУ «Жас Орда» студенттері мен магистранттар кәсіподақ төрағасының орынбасары С.Бекбашев, КЯиК кафедрасының меңгерушісі К.С.Кабикенова, ВМ кафедрасының оқытушысы Л.К.Жилкибаева шақырылды. Іс-шараны қорытындылай келе, ТТ-12-2 тобы ең дарынды топ номинациясымен марапатталды. Қалған топ студенттерін мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапттады. Кеш өтте қызықты, әрі ұмытылмастай болып өтті.

 

 

Без рубрики