Астанадағы «Sairan Arena» сарайында 24-28 қараша аралығында футзалдан «University League-2024» ҚР чемпионаты өтті. Оған республиканың түкпір-түкпірінен барлығы 10 команда қатысып, екі топқа бөлінді. Қарағанды облысының намысын Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ құрама командасы қорғады.
Топтағы ойындардың қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің командасы бір ойынды тең есеппен өткізсе, қалған үшеуінде жеңіске жетті.
-Жартылай финалда астаналық AITU командасын 4:1 есебімен ұттық. Финалдық матчта қарсыламысыз Алматы қаласының Тұран университетінің командасы болды, біздің команда оларға еш мүмкіндік бермей, 5:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Осылайша, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ командасы тарихта тұңғыш рет ел чемпионы атанды, — деп атап өтті жаттықтырушы, «Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы Ерлан Оқасов.
Сонымен қатар, ойыншыларымыз жеке есепте де жүлделерге ие болды. Атап айтсақ, команда ойыншылары Кирилл Дуров үздік шабуылшы, ал Жарқынбек Рыспеков үздік қақпашы болып танылды.
Команданы жаттықтырушы, «Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы Ерлан Оқасов пен УЕФА жаттықтырушысы Александр Дьяченко жаттықтырады.