Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да ЖШС «Huawei Technologies» өкілдері роуд-шоу өткізді


2022 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ТОО «Huawei Technologies» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат көпжақты ғылыми-зерттеу және академиялық серіктестік үшін жағдай жасауға, цифрлық теңсіздікті жою үшін білім саласына цифрлық инновацияларды енгізуге және қоғамда цифрлық сауаттылық пен дағдыларды дамытуға ықпал ететін қазақстандық АКТ таланттар экожүйесін құруға бағытталған.

2021 жылдың басында Коммуникациялық жүйелер технологиялары кафедрасының базасында Huawei АКТ академиясы ашылған болатын. Жыл сайын студенттер осы академияда білім алып, халықаралық Huawei сертификатына емтихан тапсырады, бұл оларға жетекші компанияларда одан әрі жұмысқа орналасуда қосымша мүмкіндіктер мен артықшылықтар беретін практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

АКТ бойынша білімін жетілдіргісі келетін студенттерге халықаралық білім беру платформасын ұсыну үшін Huawei әлемдік университеттермен бірлесе отырып Жаһандық АКТ жарысын бастады. Бірқатар сайыстар арқылы студенттер практикалық және инновациялық дағдыларын шыңдай алады.

Без рубрики