Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Сауле Сагинтаева Астана қаласында өткен Astana Mining & Metallurgy (AMM 2026) XVI халықаралық тау-кен металлургиясы конгресі аясында ұйымдастырылған Қазақстан алтын өндірушілер форумына қатысты.
Тау-кен және металлургия саласындағы жетекші кәсіпорындар, ғылыми қауымдастық және сарапшылар бас қосқан алаңда саланың өзекті мәселелері, жаңа технологияларды енгізу, өндірісті жаңғырту және білікті инженерлік кадрларды даярлау бағыттары талқыланды.
Форум аясында университет тау-кен инженерлерінің кәсіби дәстүрі мен заманауи талаптарын ұштастырған жаңа формалық киім үлгісін таныстырды. Сонымен қатар, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат инженерлік кадрларды даярлау, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу, студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
AMM 2026 халықаралық конгресіне қатысу университет үшін тау-кен және металлургия саласындағы жетекші кәсіпорындармен байланысты нығайтуға, жаңа өндірістік серіктестіктер орнатуға және инженерлік білім беру мен ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.




