Конференция дәстүрлі түрде ғылым мен өндіріс байланысын нығайтын маңызды алаң болып табылады. Биыл 120-дан астам ұйымнан 880 баяндама ұсынылып, қатысу ауқымы кеңейді.
Конференция аясында инженерлік ғылымдар, энергетика және машина жасау, геотехнологиялар мен жер қойнауын пайдалану, көлік және логистика, сәулет және құрылыс, химия-биология саласы, цифрлық және интеллектуалды технологиялар, жасанды интеллект пен машиналық оқыту, робототехника және автоматтандыру, сондай-ақ тұрақты өндірістік жүйелер мен ESG қағидаттары сияқты маңызды бағыттар қамтылған.
13 секция бойынша өтетін конференцияда пленарлық және секциялық отырыстарда ғылым, өндіріс және технология дамуының өзекті мәселелері талқыланады





























