«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының омбудсмені бос лауазымына орналасуға қайта конкурс жариялайды.


Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Құжаттарды белгіленген мерзімде мына мекенжайға тапсыру қажет: 100000, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, 218 каб., телефон: +77022018654.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  2. жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім;
  3. кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі, оның ішінде еңбек қатынастары, жанжалдарды реттеу, медиация, персоналды басқару, құқық, корпоративтік басқару немесе басшы лауазымдағы практикалық тәжірибесі-кемінде 3 (үш) жыл;
  4. мінсіз іскерлік бедел;
  5. алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болмауы;
  6. Омбудсмен функцияларын орындаудың тәуелсіздігі мен әділдігіне ықпал етуге қабілетті мүдделер қақтығысының болмауы.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды қағаз және/немесе электрондық тасығышта ұсынады:

  1. еркін нысандағы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. білімі, еңбек қызметі, кәсіби тәжірибесі мен біліктілігі туралы мәліметтерді қамтитын қызметтік тізім (түйіндеме);
  4. салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;
  5. соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын электрондық үзінді көшірме;
  6. салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, біліктілігін арттыру, кәсіби даярлығы, арнайы білімі мен құзыретінің болуы туралы құжаттардың көшірмелері;
  7. құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. «электрондық үкімет» Egov.kz веб-порталы арқылы алынған соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
  10. «электрондық үкімет» Egov.kz веб-порталы арқылы алынған адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде жүргізіледі.

Без рубрики