Кездесу 9 және 11 сынып оқушыларымен және колледж түлектерімен өтті.
Кәсіби бағдар беру аясында біз оқу мүмкіндіктері туралы айтып, колледжде машина жасау, теміржол көлігі, логистика, тау-кен өнеркәсібі, металлургия, құрылыс, IT және зертханалық салаға мамандар даярланатынын таныстырдық.
Сонымен қатар электргаздәнекерлеуші, токарь және өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне қызмет көрсету мамандары да даярланады.
Әсіресе, Сарыарқа әуежайының кеңеюіне байланысты ашылып жатқан жаңа мамандық үлкен қызығушылық тудырды.
Оқушылар қабылдау, оқу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы белсенді сұрақтар қойды.
Ұйымдастырушыларға шақырғандары үшін алғыс білдіреміз!



