«Baursak Party» іс-шарасы


2015 ж. 19 наурыз 15:00- 20:00 аралығында «Политехника» дәмханасында Наурыз мейрамы қарсаңында дәстүрлі  «Baursak Party» іс-шарасы өтеді.

Іс-шара мақсаты қазақ халқының салт- дәстүрін, мәдениеті мен тарихын дәріптеу, ҚарМТУ студенттері арасында патриоттыққа көңіл бөлу.

«Baursak Party»-дың ұйымдастырушылары «Жас Орда» студенттер және магистранттар кәсіподағы.

Іс-шараға ҚарМТУ-дың барлық курстарынан 100 студент қатысады.

Студенттер мерекелік концерт дайындады, сонымен қатар қазақ дәстүрлері бойынша қойылым көрсетіп, бауырсақ дайындайды.

«Baursak Party» үздіктерді марапаттау және демеушілерден сыйлықтар берумен аяқталады.

 

Без рубрики