Құрметті байланыс саласының мамандары мен «Радиоэлектроника және телекоммуникациялық технологиялар» кафедрасының ұжымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазіргі цифрлық дәуірде байланыс пен телекоммуникация саласының маңызы ерекше. Сіздердің білімдеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ақпарат алмасу жүйесі дамып, қоғам мен технология арасындағы байланыс нығая түсуде.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктер тілейміз! Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, абырой-беделдеріңіз арта берсін!