Наверх
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді халқымыз. Аға буынның ақылы мен өнегесі, өмірлік тәжірибесі – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра.
Қарттар күніне орай университетіміздің «Политехник» кафесінде ардагерлерге арналған мерекелік кездесу өтіп, ақ дастархан жайылды.
Жылы жүздесулер мен ізгі тілектерге ұласқан кеште ардагерлерге құрмет көрсетіліп, университет өміріне қосқан еңбектері үшін алғыс білдірілді.
Қазыналы қарттарымыз аман, абыройлы ғұмырлары ұзақ болсын!