Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Үздіксіз білім беру институты «Күміс университеті» бағдарламасы аясында 50 жастан асқан аға буын өкілдерін қазақ тілі курсына шақырады.
Курстың мақсаты – тыңдаушылардың қазақ тілін күнделікті қарым-қатынаста ғана емес, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық, кәсіби және ғылыми ортада еркін қолдануына қажетті тілдік құзыреттерді қалыптастыру.
Сабақ барысында:
🔹 сөздік қорды байытуға;
🔹 дұрыс сөйлеу және сауатты жазуға;
🔹 грамматикалық білімді жетілдіруге;
🔹 ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға;
🔹 өз ойын қазақ тілінде еркін әрі сенімді жеткізуге ерекше көңіл бөлінеді.
Бағдарлама тілді жүйелі меңгеруге, сөйлеу тәжірибесін арттыруға және қазақ тілін түрлі ортада еркін қолдануға мүмкіндік береді.
Курс Үздіксіз білім беру институтының базасында өтеді.