«Қазақтелеком» АҚ базасында «Оптикалық желі шебері және мыс желі шебері» кабельдік дәнекерлеушілер байқауы


«Қазақтелеком» АҚ Желілік бірлестігінің бөлімшелерінің Қарағанды ​​ базасында 2023 жылғы 05 және 06 желтоқсанда жұмысшылар арасында «ОЖ және МЖ шебері» (Оптикалық желі шебері және мыс желі шебері) кабельдік дәнекерлеушілердің байқауы өтті. Іс-шараға БЖТ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы – аға оқытушы Сарсенбаев Е.А., аға оқытушы Алдошина О.В., ассистент Жантуганова Т.С. қатысты.

«Оптикалық желі шебері – optical network master 2023» байқауы екі кезеңнен тұрды:

  •  ОКЛ-32 кабеліне сыйымдылығы 32 талшықты оптикалық муфталарды орнату бойынша практикалық жұмыс.
  •  нормативтік құжат бойынша тестілеу.

Конкурстық негізде БЖТ кафедрасының түлегі, Қарағанды ​​қаласындағы МС-1 орталығының кабель дәнекерлеушісі 7-разрядты Абдрахман Талас Қайратұлы 2-орынға ие болды.

Алдағы уақытта мамандардың біліктілік деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» және «Желілік технологиялар және байланыс жүйелері» мамандықтарының студенттері арасында осындай байқауларды Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінде өткізу жоспарлануда.

Без рубрики