Ауғанстан соғысының ардагері Жалмаханов Шапағат Шарапатұлымен кездесу


Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай, «Студенттер үйі» жатақханасында филология ғылымдарының докторы, профессор, Ауғанстан соғысының ардагері Жалмаханов Шапағат Шарапатұлымен кездесу өтті. Шапағат Шарапатұлы әскерге шақырылған кезінен бастап, Ауғанстанда болған күндері туралы студенттерге айтып берді. Кездесуден жақсы әсер алған студенттер ардагер ағаларына сұрақ қойып, оған шынайы жауап алды. Шапағат Шарапатұлы өзінің басынан кешкен оқиғаларды айта отырып, ел болашағы, студенттердің рухын көтеріп, отансүйгіштікке шақырды. Студенттерге Шапағат Шарапатұлының айтқан әсерлі әңгімелері көңілдерінен шыққаны сондай, белгіленген уақыттан артық уақыт болды.

Без рубрики