АСТАНАДАҒЫ LRT ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРІЛДІ?


Астанадағы LRT құрылысының сапасы қалай бағаланды? Бетонның беріктігі, теміржол жолдарының дәлдігі мен тірек құрылымдарының қауіпсіздігі қалай тексерілді? Осы және өзге де маңызды мәселелер 14 қазанда Назарбаев Университетінде өткен RISE2026 халықаралық конференциясында талқыланды.

Инфрақұрылымның тұрақтылығы мен инженерлік қауіпсіздік мәселелеріне арналған конференцияда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Жумагул Смагулович Нугужинов баяндама жасады.

Ғалым КазМИРР институтының LRT жобасындағы тәжірибесімен бөлісіп, құрылыс сапасын бақылау, құрылымдардың беріктігін тексеру және олардың Астананың күрделі климаттық жағдайларына төзімділігін бағалау жұмыстары туралы айтты. Сондай-ақ қытайлық құрылыс стандарттарын Қазақстан талаптарына сәйкестендіру мәселесіне тоқталды.

Жүргізілген зерттеулер тексерілген LRT құрылымдарының жобалық талаптарға сәйкес келетінін көрсетті.

Без рубрики