10–11 сынып оқушылары мен колледж білім алушылары үшін жоғары оқу орнына түсуге арналған дайындық курстарына қабылдау жүргізіледі.
Курстар Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Үздіксіз білім беру институты базасында ұйымдастырылады.
Дайындық келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі:
6В07301 – Сәулет
6В07309 – Қоршаған орта кеңістігінің сәулеті (Қоршаған орта дизайны)
Сабақ барысында талапкерлер шығармашылық емтихандардың негізгі бағыттары бойынша дайындалады:
Сурет – академиялық сурет салу, перспектива, композиция, жарық пен көлеңке негіздері;
Сызу – техникалық сызу, жобалық графика және кеңістіктік ойлау дағдылары.
Курс сәулет және дизайн саласын таңдаған талапкерлерге шығармашылық қабілетін дамытуға, емтихан талаптарымен алдын ала танысуға және болашақ кәсіби бағытын айқындауға мүмкіндік береді.
Толық ақпарат және жазылу: +7 701 818 49 98 (WhatsApp)