ҚАРАҒАНДЫДАН ӘЛЕМГЕ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАНЫЛУ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті ұлттық және халықаралық рейтингтерде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

QS World University Rankings 2026 рейтингінде университет 951-орынға ие болды. IAAR ұлттық рейтингінде үздік алты жоғары оқу орнының қатарына еніп, IQAA бағалауында Қазақстанның техникалық университеттері арасында екінші орын алды.

Университет Қытай, Германия, Ұлыбритания, Польша, Өзбекстан және басқа елдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытып келеді. Қос дипломды бағдарламалар, бірлескен ғылыми жобалар мен «Бань Мо» шеберханасы – халықаралық серіктестіктің нақты нәтижелері.

Қарағандыда қалыптасқан инженерлік білім беру мектебі бүгінде әлемдік білім және ғылым кеңістігіндегі орнын нығайтып, студенттер мен ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер ашуда.

Без рубрики