«Қарағанды техникалық университеті» КЕ АҚ білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттары

«Қарағанды ​​техникалық университеті» КЕ АҚ білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы «Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» No39 бұйрығына сәйкес әзірленді, (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 07.06.2021 ж. №277 бұйрығының өзгертулері және толықтыруларымен) және барлық қажетті элементтерді қамтиды:

  1. университеттің атауы;
  2. түлектің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  3. білім беру бағдарламасының (мамандық) коды мен атауы;
  4. берілетін дәреже (бар болса);
  5. аттестаттау комиссиясының дәреже беру туралы отырысының хаттамасының күні мен нөмірі (бар болса);
  6. білім беру формасы;
  7. тиісті құжаттың Басқарма Төрағасы-Ректоры және деканының қолы;
  8. Реттік тіркеу нөмірі;
  9. берілген күні мен орны (қала);
  10. «ҚарТУ» КЕ АҚ мөрі.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарының алдыңғы жағында университеттің логотипі және институционалды аккредиттеу жөніндегі аккредиттеу агенттігінің атауы орналасқан.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың қосымшаларында білім беру бағдарламаларын (мамандықтарды) мамандандырылған аккредиттеу бойынша аккредиттеу агенттіктерінің атаулары орналасқан

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарда 3×3 см көлеміндегі QR коды бар.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың әр үлгісі үшін жеке үлгідегі нөмірлеу арнайы қызметтің көмегімен құрылды. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нөмірлері Ұлттық білім беру деректер қорына енгізілген студенттер туралы ақпарат негізінде генерацияланды.

Өзіндік үлгідегі құжаттарды толтыру баспа құралдарының көмегімен жүзеге асырылды.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың бланкілері мен қосымшалары үш тілде толтырылады- мемлекеттік, ағылшын және орыс.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттар қорғау дәрежесі бар арнайы қағазға басылды.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен дизайнын ҚарТУ Директорлар кеңесімен бекітілді.

Үлгі: 01 мамандығы бойынша бакалавр