ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ УНИВЕРСИТЕТПЕН ТАНЫСТЫ


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Қарқаралы ауданының ауылдарынан келген талапкерлерге экскурсия ұйымдастырылды. Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің мамандары оқушыларды университеттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Экскурсия барысында талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, мемлекеттік грант мүмкіндіктері мен оқу шарттары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар мамандар техникалық мамандықтардың ерекшеліктері, еңбек нарығындағы сұраныс және болашақ кәсіби даму мүмкіндіктері жөнінде айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Оқушылар факультеттерді аралап, киберполигон, желілік технологияларды қорғау зертханасы, Геологиялық музей, металлургиялық үдерістердің виртуалды кешендері, оптикалық байланыс желілері зертханасы, «Mitsubishi Electric – ҚарТУ – Казпромавтоматика» бірлескен зертханалық кешені және бағдаршам сигнализациясы зертханасымен танысты. Сондай-ақ университеттің басқа да зертханаларын аралап, заманауи жабдықтар мен оқу үдерісінің ерекшеліктерін көрді.

Айта кетейік, 2026–2027 оқу жылында Қарқаралы ауданынан 73 талапкер университетке оқуға түсті. Олардың қатарында мемлекеттік грант негізінде және ақылы бөлімде білім алып жатқан студенттер бар.

Мұндай кездесулер талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беріп, техникалық білімнің мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуға жол ашады.

Без рубрики