Қарқаралы ауданында «Болашаққа жолдама» форумы аясында мамандықтар жәрмеңкесі өтті


Бүгін, 27 сәуір күні, Қарқаралы ауданында «Болашаққа жолдама» атты аудан жастары мен түлектерінің форумы өтті. Аталған іс-шараны «Қарқаралы ауданының білім бөлімі» ММ ұйымдастырды.

Форум аясында Saginov Technical University қатысуымен мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара Қарқаралы ауданындағы «Жастар» балалар-жасөспірімдер орталығында өтті.

Университет атынан: – «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының магистрі Ақгүл Имангазиева; – «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасының оқытушылары Құралай Сакитаева мен Тілеуғабыл Рахатов қатысты.

Кездесу барысында ауданның 9–11 сынып оқушыларына университеттің білім беру бағдарламалары, оқу форматы, мемлекеттік грант мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық және қабылдау талаптары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Сонымен қатар талапкерлер өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Іс-шара оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар алуына мүмкіндік беріп, университет пен талапкерлер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.

Без рубрики