Қандас жастарға арналған Foundation бағдарламасына қабылдау басталады


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде шетелде тұратын, ұлты қазақ талапкерлерге арналған Foundation дайындық бағдарламасы биыл алғаш рет іске қосылады.

Бағдарлама шетелдегі қазақ жастарына Қазақстанда жоғары білім алуға дайындалып, келесі жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға және мемлекеттік грант негізінде жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама кімдерге арналған?

Foundation бағдарламасына:
• толық орта мектепті бітірген;
• кәсіптік мектепті немесе колледжді аяқтаған;
• шетел азаматы болып табылатын, ұлты қазақ талапкерлер қатыса алады.

Бағдарлама барысында талапкерлер Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесіне бейімделіп, келесі жылы ҰБТ тапсырып, мемлекеттік грант конкурсына қатысуға дайындалады.

Қабылдау тәртібі
Foundation бағдарламасына қабылдау әңгімелесу (сұхбат) нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарлама бойынша барлығы 30 грант бөлінеді.
Бұл — шетелде тұратын қандас жастар үшін Қазақстанда білім алып, кәсіби болашағын қалыптастыруға жасалған маңызды мүмкіндік.

Қажетті ақпарат:
Білім беру ұйымы:
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
Мекенжайы:
Қарағанды қаласы, Назарбаев даңғылы, 56/1
Байланыс телефондары:
+7 700 395 65 09
+7 700 595 92 59
Электрондық пошта:
marketing@ktu.edu.kz
WeChat:
AlmaGul14

Foundation бағдарламасына құжат тапсыру және қабылдау шарттары бойынша толық ақпарат алу үшін көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.
Грант саны шектеулі — барлығы 30 орын.

Без рубрики