Амангельдиева Гульмадина Булатовнаның докторлық диссертациясын қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «8D072 «Өндірістік және өңдеу салалары» даярлау бағыты («8D07201 (6D070600) Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау» және 8D07202 (6D070700) «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламалары) бойынша Диссертациялық кеңесте,  8D07201 – «Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Амангельдиева Гульмадина Булатовнаның «Мұнай-газ әлеуетін бағалауға байланысты Оңтүстік Торғай ойпатының геологиялық құрылымы мен құрылымдық-формациялық кешендері» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясы қорғалады.

Докторлық диссертацияны қорғау тілі – қазақ тілі.

Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ – «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасында орындалды. 

Ғылыми кеңесшілер:

Исатаева Фарида Муратовна – PhD, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ, «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан.

Ажгалиев Дулат Калимович — геология-минерология ғылымдарының докторы, «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ профессоры, Атырау қ., Қазақстан;

Нургалиева Нурия Гавазовна – геология-минералогия ғылымдарының докторы, А.Трофимук атындағы «Мұнай және газ геологиясы» кафедрасының профессоры, Геология және мұнай-газ технологиялары институты, Қазан (Еділ бойы) федералдық университеті, Қазан қ., Ресей Федерациясы.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері: 

Ратов Боранбай Товбасарович – техника ғылымдарының докторы, «Геофизика және сейсмология» кафедрасының меңгерушісі, профессоры, Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ,  Алматы қ., Қазақстан.

Застрожнов Андрей Станиславович – геология — минералогия ғылымдарының кандидаты, Карпинский атындағы бүкілодақтық ғылыми-зерттеу геологиялық институтының төрттік геология және геоморфология бөлімінің меңгерушісі, Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы.

Биссатова Айнель Ержанқызы — PhD докторы, жетекші геолог, «Aquasphere Mining Kazakhstan Limited» жеке компаниясы, Астана қ. Қазақстан.

Рецензенттер:

Истекова Сара Аманжоловна — геология-минералогия ғылымдарының докторы, «Геофизика және сейсмология» кафедрасының профессоры, Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ,  Алматы қ., Қазақстан.

Мустапаева Сезим Нурахметовна – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, «Геология және мұнай-химиялық инжиниринг» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессоры, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті КеАҚ Ақтау қ., Қазақстан.

Докторлық диссертацияны қорғау аралас форматта: 2026 жылғы 28 мамырда, сағат 10.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ–да, 100027, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56, 2 корпус, 319 аудитория және ZOOM платформасында өтеді.

Ссылка: https://us04web.zoom.us/j/4024048634?pwd=CjqXnWZGfZ5CBpUrvU0k48jIb36jjy.1&omn=74139782088

Идентификатор: 402 404 8634

Кіру коды: 1953

e—mail: amangeldieva74@mail.ru

Без рубрики