Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия кешенінің (ТМК) ең беделді кәсіби марапаттарының бірі -«Алтын Гефест» сыйлығына өтінім қабылдау басталды
2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 6 қаңтарда қол қойды
Осыған байланысты биылғы сыйлықта практикалық инновациялар, цифрлық шешімдер мен саланың технологиялық дамуына ерекше назар аударылады.
Сыйлық ТМК-ның бүгіні мен болашағын қалыптастырып жатқан үздік мамандарды, компанияларды және жобаларды біріктіреді
«Жыл кәсіби маманы» аталымдары:
- Жыл геологы
• Жыл кеншісі
• Жыл металлургі
• Жыл шахтері
• Жыл байытушысы
• ТМК саласындағы әйелдер
Сонымен қатар келесі аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталады:
- Үздік әлеуметтік жоба
• Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл көшбасшысы
• Жыл тәлімгері
• Жыл педагогі
• Жылдың үздік дипломдық жұмысы
• ТМК саласындағы үздік digital-шешім (ERG бас серіктесінің арнайы аталымы)
Жаңартылған медиа-аталымдар:
- «ТМК туралы баспасөздегі үздік журналистік жұмыс»
• «ТМК туралы интернет-ресурстардағы үздік журналистік жұмыс»
«Үздік ESG стратегиясы» аталымы енді
«Экология және су ресурстары саласындағы үздік жоба» болып өзгертілді. Бұл өзгеріс экологиялық және су бағытындағы нақты, қолданбалы жобаларды қолдауға бағытталған.
Негізгі күндер:
Өтінім қабылдау: 30 қаңтар – 25 мамыр 2026 жыл
Дауыс беру: 26 мамыр – 3 маусым 2026 жыл
Марапаттау рәсімі: 11 маусым 2026 жыл
Өтетін орны: Астана Конгресс-орталығы
«Алтын Гефест» -бұл жай ғана марапат емес, бұл салалық көшбасшылықты айқындайтын және үздік тәжірибелерді насихаттайтын беделді алаң
Қосымша ақпарат алу үшін «Ғылым және инновация» департаментінің «Инновациялар және ғылыми-техникалық бағдарламалар» бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз: INTP.department@ktu.edu.kz, бас корпус, 228 кабинет, тел. 56-68-22, ішкі 22-26.
Байқау бойынша құжаттаманы келесі сілтемеден алуға болады: https://amm.kz/ru/press-tsentr/press-relizy/press-relizy-blog/2009-otkryt-prijom-zayavok-na-uchastie-v-otraslevoj-premii-zolotoj-gefest-v-oblasti-gmk
Өз жетістіктеріңізді таныстырып, өтінім беруге асығыңыз!