Алькенова Ақбота Бейсембайқызы докторлық диссертация қорғау туралы


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша Алькенова Ақбота Бейсембайқызы «Мыс-молибденді кектерді өңдеудің технологиялық негіздемесін дайындау» тақырыбында PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияны қорғайды.

Қорғау тілі: орысша.
Жұмыс Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Нанотехнология және металлургия» кафедрасында орындалған.
Ғылыми кеңесшілер:
Исағұлов А.З. – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры;
Алан Азотте – PhD докторы, Лотарингия университетінің материалдардың механика және микроқұрылымды зерттеу лабораториясының профессоры, Франция, Мец қ.
Пікір берушілер:
Намазбаев Т.С. –техникалық ғылымдарының докторы, «Қазқарметавтоматика» институтының директоры (05.16.02 мамандығы).
Кузгибекова Х.М. – техникалық ғылымдарының кандидаты, доцент, Ж. Абишев атындағы Химико-металлургиялық институтының жетекші ғылыми қызметкері (05.16.03 мамандығы).
Қорғау болады: 2015 жылдың 30 желтоқсанда сағат 11:00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің диссертациялық кеңесінде 6D070900 «Металлургия», 6D071000 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтары бойынша келесі мекен-жайда: 100027, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 56, бас корпус, «Нанотехнологилар және металлургия» кафедрасы, 315 ауд.
Сайттың мекен-жайы: http://www.kstu.kz, e-mail: ksb_mlp@mail.ru

Ғылыми еңбектерінің тізімі

Аңдатпа

Диссертация

Без рубрики