Қала тазалығы- баршамызға ортақ іс. Осы орайда, қала әкімдігінің бастамасымен 2026 жылғы 28 наурыз күні жаппай қалалық сенбілік ұйымдастырылды.


Сенбілікке “Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті “ КеАҚ Инновациялық технологиялар колледжінің ер азаматтар қауымы белсенділік танытып, атсалысты. Ер азаматтардан құралған колледж ұжымы тазалық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, аумақты ретке келтіруге үлкен үлес қосып, белсенділік танытты.

Бұл шара- тек тазалық жұмысы ғана емес, ауызбіршілік пен ынтымақтастықтың көрінісі. Бірлік пен ұйымшылдықтың арқасында бір мақсатқа жұмылған азаматтардың жауапкершілігінің нәтижесінде үлкен іс атқарылып, қоршаған орта тазарып, ажарлана түсті.

Сенбіліктегі әрбір азаматтың еңбегі- елге деген жанашырлықтың, жауапкершіліктің айқын көрінісін көрсетті.

🌿☘️ Табиғатты аялау- әрбір адамзаттың парызы. Осындай игі бастама тек бүгінмен шектелмей, алдағы уақытта да жалғасын табатынына сеніміміз мол.
Іс- шараға атсалысқан барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Бірге- таза қала, ұйымшыл қоғам, жарқын келешек!☘️✊🏼🌿✨

Без рубрики