Айналаңды нұрландыр


2022-2023 оқу жылы біздің жоғарғы оқу орны үшін ерекше жыл. Себебі, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне 70 жыл толмақ. Осыған орай жыл басында оқу жылына «70 игі іс» жобасы жоспарланған болатын.

Сондай игі шараның бірін «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының оқытушылары мен БЖД-21-1 тобы студенттері, топ кураторы М.Ж. Какеновамен бірге «Таңшолпан» балалар үйіне қамқорлық жасаудан бастап, қолдарынан келгенше бүлдіршіндерді қуантуға ат салысты. Сый-сиапаттарымен бірге, балаларға әдемі көңіл-күй сыйлайтын концерттік бағдарлама мен түрлі ойындар ұйымдастырды.

Бұндай шара студенттерді жақсылық жасауға, сәбилерге күлкі сыйлауға, мейірімділік танытуға жетелейді. Бұл бір топтың ғана емес, «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасы ұжымының игі бастамасы. Бұл іс әрі жас ұрпақтың бойына адамгершіліктің дәнін себетін тәрбиенің бастау көзі екендігі даусыз. Сондықтан, әрқашан жақсылық жасауға асығайық!

Без рубрики