- 2025–2026 оқу жылының екінші жартыжылдығына Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Саналы ұрпақ» студенттік клубының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысын ұйымдастыру жоспары
- 2025–2026 оқу жылының бірінші жартыжылдығында ҚХА және ӘГП кафедрасы базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубының атқарған жұмысы туралы есеп
- Қоғамдық талқылаулардың нәтижелері
- Posts not found
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Басқарма төрағасы-Ректор Сауле Сагинтаеваның төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша басқарма отырысы өтті. Жиынға факультет декандары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Отырыс барысында мемлекеттік сатып алу және жабдықтау бөлімінің есебі тыңдалды. Отырыста Басқарма Төрағасы – Ректор мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шараларын күшейту қажеттігін, сондай-ақ студенттер, профессорлық-оқытушылық құрам және университет қызметкерлері арасында барлық құқықбұзушылық түрлеріне «нөлдік төзімділік» қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Жиынға қатысушылар университетте жүргізілген жұмыстар туралы пікір алмасып, атқарылған жұмыстардың тиімділігі мен болашақта жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижелілігін арттыруға бағытталған жаңа ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу соңында ректор Сауле Сагинтаева университет ұжымын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтіп, адал және әділетті еңбек етуге ерекше көңіл бөлуге шақырды. Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

