Кураторлар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті


7 ақпанда ҚарМТУКураторлар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.Кеңес университеттің оқу және тәрбие мәселелеріне арналды. Оған ҚарМТУ-дың басшылығы және оқытушылар құрамынан: бірінші проректор — А.З.Исагулов, тәрбие ісі жөніндегі проректор — Н.А.

Алпысбаева, Жастар саясаты департаментінің директоры — С.А. Жаутикова, кураторлар кеңесінің төрайымы – Н.А. Смагулова және университеттің 239 академиялық топтарының кураторлары қатысты.

Алғашқы болып сөз алған ҚарМТУ-дың бірінші проректоры А.З. Исагулов оқу процесінің сапасын арттыру мәселесін қозғаса, тәрбие ісі жөніндегі проректор Н.А. Алпысбаева күзгі семестрде жүргізілген тәрбие жұмыстары жайлы есеп берді.

Профессор К.Б. Тогайбаев Ақсақалдар кеңесінің соңғы жарты жылдықта жасаған жұмыс қорытындысымен таныстырып, Кураторлар кеңесінің төрағасы Н.А. Смагулова кураторлар тарапынан өткізілген шеберлік-сыныптар сараптамасын баяндады.
Университеттің шығармашылық ұжымдарының қызметі жайлы ЖСД-нің директоры С. А. Жаутикова баяндап, болашақтағы жоспарларын ұсынды. Сондай-ақ кураторлар жұмысының жағдайы және алдағы тұрған міндеттер, оқу процесінің сапасын арттыру мәселелері қозғалып, «Ең үздік шеберлік-сыныптардың» бейне көрсетілімдік қорытындысы жасалды.

Сондай-ақ жүргізілген жұмыстармен қатар, жақын мерзімде Президенттің жаңа жолдауына қатысты ұйымдастырылатын іс-шаралар да талқыланды.

Дәстүрге сай кеңес үздік кураторларды марапаттау рәсімімен аяқталды.

Без рубрики